Ризабек ұстаздың үш күндік сапары

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Ерлан Айтеновтың бастамасымен Парасат  қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы теолог Ризабек Батталұлы мен облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов Бөрлі ауданына   арнайы іс -сапармен келді.

Алғашқы кездесу «Дін мен дәстүр қазақылығымыздың таңбасы» тақырыбында Бөрлі ауылдық колледжінің жатақхана студенттерімен кездесті. Кездесу барысында дәстүр мен дін біте қайнасып қазақ тәрбиесінде алатын орны көрсетіліп, жат идеологияның зияндарына әбес болмау. Жат идеологияның құрығына түсіп қалмау үшін сақтану шараларын айқындап берсе,  аталмыш ауданның мәдениет үйі қызметкерлері және Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Музей мамандарымен «Жат идеология игілігіңе жарымас» тақырыбында жалпы кездесу өтсе, Ризабек ұстаз қоғамда түйіткілді болып жатырған діни қоғамдық мәселелердің ел арасындағы зиянды жақтарынан сақтану жолдарын  айтты, мешіттің  жамағаттарына жұма мінберінде «Жақсылықтың бастауы шынайы иман» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Одан кейін діни рәсімдерді өткізіп жүрген имам молдаларға арналған  «Халық арасында діни рәсімдерді дұрыс орындауға үндеу» тақырыбында имам молдаларға оқыту семинары өткізіп, имам-молдалардың  көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Мешіт жамағаттары мен аудан тұрғандарымен кездесу болып, «Ислам-бірлік пен ынтымақ діні» тақырыбында уағыз насихат айтылып, «Берекелі жамағат» ерікті қорының ұйымдастыруымен 10 отбасы төмен жандарға  8200 теңге құрайтын қоржындарды тегін таратты.

Екінші күні Ризабек Батталұлы  Орал орталық мешітіне арнайы келіп, Мейрамбек Ақылбекұлы ұстазды жамағатқа  таныстырып, сөз тізгінің  ұсынды. Ризабек Батталұлы жиналғандарды мәуліт айымен құттықтап ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жайында уағыз айтып,  кеңінен түсіндірді.

Үшінші күні  Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Жомарт Лұқпанов  Ризабек Балталұлын жылы жүзбен қарсы алып, жамағаттарымен жүздестеріп, салихалы кездесу болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты..

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған