Құрбан шалынып, дұға бағышталды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан қажы Құралбайұлының бастамасымен  «Орал» орталық мешітінің  ауласында ірі қара малын құрбандыққа  шалып, ел амандығы үшін Жаратқаннан дұға тілеген болатын.                 

Бас имам  қасиетті құран  кәрімді оқып, Жаратушы Иеден дұға тілеп, ел басына қиындық туған осындай алмағайып сәтте Алладан медет сұрады. Шалынған малдың етін мешіт қызметкерлеріне үлестірілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған