Құрбан айт мерекесіндегі қайырымдылық шарасы

Құрбан айт мерекесінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жасалды.

Сектор жетекшісі Анаргүл Демеутова ұлық күнде 10 отбасы төмен жандарға арнайы барып, құрбан айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік салынған қоржынды беріп, балаларға тәттілер беріп, шексіз алғысқа бөленді.

Осындай игі шара Жаңақала аудандық мешітінде жалғасып, бас имам Ерік Сұлтанов білдіршінге ойыншықтар сыйлап, балалардың қуанышында шек болмады.

Мақсаты ұлық мерекені сезініп, ізгілік, мейірімділік жолына тәрбиелеп, ата-анасын сыйлап, үлкендерге құрмет көрсетіп, елжанды азаматтарды тәрбиелеу.

Жас ұрпақтарымыз білімді, иманжанды болсын!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған