РАНТ мүшесі Оралда

Жақында Тәжиден Батырұлы мешітіне РАНТ мүшесі, Нұр – Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев келді.

Жамағат арасындағы бауырластықты тілге тиек етіп: Мүмін өзі біреуден бір нәрсе үйрене алатындардан және оны бір нәрсеге үйрете алатындармен ғана араласуы тиіс.

Ендеше, әрқашан Алла Тағаланы еске алып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с ) соңынан ерген қуанышта қуанып, қайғыда жәрдем, дінде тірек болатын ахиреттік шынайы дос бола білейік, мұсылман бауырлар! ” – деп баянды достыққа шақырды.

Мешітке жиналған қауыммен Мақсатбек ұстаз тұшымды сұхбаттасып, келелі әңгімесімен, жағымды уағызымен бөлісті.

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған