РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы Ақжайықта

Жақында  Орал орталық мешіті мен Тәжиден Батырұлы мешіттерінде ақшам намазынан кейін Нұр – Сұлтан қаласындағы ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімі басшысының орынбасары,  РАНТ мүшесі Хасан  Аманқұлов арнайы  келді.

Жамағат арасындағы «Мұсылман қандай болуы керек?» деген тақырыпта уағыз айтып: Ислам  — Алла Тағаланың адамзатқа жіберген ең соңғы діні, Құран ең соңғы кітабы, Мұхаммед ﷺ ең соңғы пайғамбары. Осыдан он төрт ғасыр бұрын Құран нұрынан нәр алған алғашқы мұсылмандар дереу надандық шекпенінен айрылып, ғылым білімге жаппай ден қойды. Мұсылман табаны тиген жер сол мезетте тыныштық ордасына, ғылым-білім мекеніне айналды. Әлбетте бұл шынайы исламның көрінісі, шынайы мұсылмандардың бойынан байқалатын сипаттарын жеткізді

Ендеше, әрқашан Алла Тағаланы еске алып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с ) соңынан ерген қуанышта қуанып, қайғыда жәрдем, дінде тірек болатын ахиреттік шынайы дос бола білейік, мұсылман бауырлар! ” – деп баянды достыққа, адалдыққа, білім алуға  шақырды.

Мешітке жиналғандар Хасан Ташайұлына шариғи және пәтуалық сауалдар жолдап, тұщымды жауап алды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған