Рамазан айының құрметіне 20 отбасыға көмек берді.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Сырым  аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбайдың бастамасымен  20 отбасыға азық түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді.

   Қайырымдылық шаралары облыс, қала, аудандық мешіттерде үзіліссіз жалғасып жатыр. Игі бастаманың қанат жаюына Сырым аудандық мешітінің жаңадан тағайындалған Әділхан Наурызбайдың еңбегі өте зор. Жас болсада, жақсылық істердің бастамасында өзі бас болып, имандылық жолында аянбай қызмет етіп келеді.

Әлемді жайлаған пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай жариялануына орай қасиетті Рамазан айында «Тегін такси», «Балаларға базарлық», «Ауызашарлар» «Онлаин сайыс» тағы басқа көптеген рухани шараларды ұйымдастырды. Ұлық айдың құрметіне 20  отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Игілікті шара «Сырым» аудандық мешітінде ұйымдастырылып, Рамазан сыйлығы ретінде көпбалалы отбасылар мен отбасы төмен жандарға таратылды.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған