РАМАЗАН АЙЫНДА «БЕРЕКЕЛІ ЖАМАҒАТ» 130 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СӨМКЕСІН ТАРАТТЫ

Рамазан айында Бөрлі аудандық мешіті жанындағы «Берекелі жамағат» еріктілер тобы Бөрлі ауданына қарасты 13 ауылдық округте болып, 130 отбасыға қайырымдылық сөмкелерін таратты. Төтенше жағдай жарияламастан бұрын да мешіт жамағатынан құралған еріктілер тобы қайырымдылық шараларына бір кісідей жұмылып, атсалысып келеді.
Қасиетті Рамазан айы басталғалы еріктілер тобының есеп шотына 800 мың теңгеден астам қаражат түскен. Бүгінде дін жанашырлары «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасын жүргізу арқылы аз қамтылған, көп балалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға азық-түлік тарату жұмыстарын кеңінен атқарды.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған