Рамазан айында қажыларға құрмет көрсетілді

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев  Орал орталық мешітінің жанындағы «Ақсақалдар алқасының» мүшелерін арнайы қабылдап,  Рамазан айымен құттықтады.

Алдымен қасиетті құран кәрім оқып, ата-баба аруағына арнап, дұға жасалды.

Облыс имамы ҚМДБ-ның төраға­сы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы­ның атынан баршаңызды исі мұсылман­ның ұлық мерекесі -Рамазан айымен құттықтаймын.   Тұтқан оразамыз қабыл болсын», -деп  қажы аталар мен әжелермен  жүздесіп, рухани әңгіме дүкен құрып,  арнайы сыйлықты табыстады.

Ақсақалдар алқасының төрағасы Нәдір қажы Абдукаев пен Тілеген қажы әжеміз ақтілегін айтып, қасиетті Рамазан айын­да арнайы кұттықтап, ыстық ілтипат білдіргені үшін мүфтиімізбен имамға алғыс­тарын білдірді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған