Қош келдің, Мәуліт мерекесі! Кешегі аптаның жұмасы күні Сырым ауданында Мәуліт мерекесі тойланды.

Мәуліт – араб сөзі, қазақша “туған күн” деген мағына береді. Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, Алланың елшілерінің соңғысы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген айын мұсылмандар Мәуліт айы деп құрметтеп, мереке етіп тойлайды. Хасан Әл-Басри (р.а.) «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мәулітін оқытуға жұмсар едім» деп айтқан.

Мереке күні Сырым ауданының орталық мешітінде Орал қаласындағы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов уағыз айтты.

Кейін қалалық мешіттің бас имамы аудан жастарымен жүздесті.

Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірін өнеге ету мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Адамзаттың асыл тұлғасы» атты рухани кеш өтті. Кештің басында аудандық мешіттің найб имамы Жасқанат Ерсайынов құран мен мәуліт – шәриф оқыды.

Жымпиты халық театры сахналаған «Мейірімді қыз» қойылымы  көрермендерге үлкен ой салды. Адамның біреуге жақсылық жасау арқылы өзіне жақсылық жасайтынын театр әртістері өмірден алынған оқиға арқылы көрсетті.

Кешті Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Алишер Ералиев қорытындылады.

Осындай игі шара Орал шаһардағы Тәжіден Батырұлы  атындағы мешітінде өз жалғасын тапты.

Сырым аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған