Орталық мешіттегі мәуліт кеші

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді.

Осыған орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен  Орал орталық мешітінде «Шапағат шамшырағы Әз-Мұхаммед (с.ғ.с)»   тақырыбында мәуліт мерекесі аталып өтілді.

Рухани шара қасиетті құран кәріммен басталды. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов арнайы қатысып, жиылғандарды мәуліт мерекесімен құттықтады.

Жиылған жамағатқа Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) адамзатқа құтқарушы болып келуіндегі хикмет пен өмір тарихын баяндайтын «Пайғамбарға сағыныш» атты бейнебаян көрсетіліп, ұстаздар сұрақтар қойып, жауап бергендерге  сыйлықтар берілді.

Адамзаттың асыл тәжі, екі дүние сардары, асыл Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өнегелі өмір жолын ұлықтауға арналды. Шара соңында  ҚМДБ-ның БҚО бойынша әйелдер-қыздар секторының төрайымы Анар Демеутова сөз алып, жиналған жамағатты құттықтап, мейрамға ат салысып отырған жандарға алғысын жеткізді. «Азамзаттың асыл тәжі» кітап оқу жарысынан І орынды Альбина Алдабергенова, ІІ орынды Айдана Жолдасқызы, ІІІ орынды  Анаргүл Талғатқызы иеленді. Жеңімпаздарға  сый-құрмет көрсетілді. Алла Тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың кең пейілі мен ізгі ниетіне сай, бірлігімізге сызат түсірмей, жақсылығын нәсіп еткей!

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған