Оралдан волейболдан облыстық турнир өтті

Тәуелсіздіздің 30 жылдығына арналған «Дені саудың-рухы сау» атты волейболдан облыстық турнар өтті.

ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен имамдар мен жамағаттардың ауызбіршілігін арттыру, мешіт жамағатымен тығыз байланыста болу мақсатында түрлі мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жүйелі ұйымдастырылып келеді.

Турнирдің ашылу салтанатында облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз сөйледі. «Ислам – адамды жан-жақтылыққа тәрбиелейтін дін. Ол құлшылықпен ғана шектелмейді. Ислам бірлік, ынтымақ, бауырмалдылықты арттыруды дәріптейді. Бұл ретте спорт достық қарым-қатынасты жалғастырудың үлкен тетігі бола алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі әлсіз мұсылманнан қуатты мұсылманның абзалырақ екендігін айтқан. Мұсылмандар неғұрлым спортпен айналысып, күшті болған сайын, соғұрлым ақыл-ойы, санасы дұрыс болады. Дұрыс ойлаған адамның өмір жолы қашан да ашық болады.

Жарысқа  мешіт имамдары, медресе шәкірттері, Теректі мен Бөрлі аудандық мешіттерінің жамағаттары белсене араласып, жеті команда  қатысты. Ойын қызық пен  тартысқа болды.
Жарыс нәтижесінде І орынды  «Ақмешіт»  командасы, ІІ орынды «Намыс» командасы, ІІІ орынды «Теректі» командасы иеленді.

Жарыс соңында қатысушыларға бағалы сыйлық мен дипломдар табысталды. қшалай және бағалы сыйлықтар берілді.

Осындай спорттық шара Жәнібек ауданында жалғасты.

ҚМДБ-ның БҚО БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған