Оралда Желтоқсан құрбандарына құран бағыштады

Тәуелсіздік мерекесі күні ҚМДБ-ның Орал   орталық мешітінің ұйытқы болуымен қала бойынша 1986 жылы  желтоқсан қозғалысы кезінде құрбан болғандарды еске алып, рухтарына Құран бағыштау шарасы ұйымдастырылды.

Еске алу, дұға ету шарасы Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан қажы Құралбайұлының бастамасымен қолға алынды.

Шара қаладағы барлық мешіттерде жұма күні кезінде дұға етіліп, 1986 жылы желтоқсан қозғалысы кезінде дүниеден озған боздақтардың рухына  арнап Құран бағыштады.

Шара соңында елдің бірлігі мен ынтымығын сақтау, тәуелсіз еліміздің мәртебесі қашанда биік болуын тіледі.

ҚМДБ-ның БҚО БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған