Оралда жамағатқа дастархан жайылды

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Орал» орталық мешітінің ұйымдастыруымен аталмыш мешітте қонақжай қазақи дәстүрімізге сай жамағатқа дастархан жайылды.

Алдымен қасиетті Құран Кәрімді Орал орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы оқыды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев дастархан басында мешіт жамағатына «Ислам» тақырыбында уағыз айтып, ғибратты әңгімелерімен бөліссе, аталмыш мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Сабыралиев «Мұсылманның әдебі» жайында уағыздар айтты. Жайылған дастархан басында жамағат тарапынан түрлі сауалдар қойылды, оларға тиянақты жауап берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған