Оралда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Әлем жұртын алаңдатқан алып індет коронавирус күн санап өршіп келеді. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын.

Осыған орай Орал орталық мешітіне залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандарды шақырып, мешіт қызметкерлеріне кеңестерін жеткізіп, тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

«Облыстық мешітінен басталған залалсыздандыру шарасы қалалық, аудандық мешіттерінде жалғасуда. Аман жүрейік! Ауру сырқаудан барынша сақ болайық! Ел аман, жұрт тыныш болсын!» дейді ҚМДБ-ның БҚО-дағы бас имамы М.Қыстаубаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған