Оралдағы игі шара

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ақжайық өңірінде «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасы өтті.

«Көшпелі керуенді» бастап берген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды» деп, қиын сәтте өзімізбен қоса өзгеге жанашырлық таныту – біздің бойымызда бабадан мирас болып келе жатқан, туа біткен қасиет екендігін, осы бірліктің арқасында аталған қиындықты көп болып еңсеріп келе жатқандығымызды айтқан болатын.

Игі бастаманы қолдау мақсатында БҚО бойынша «Зекет» қорының  жетекшісі Самат Әлібаев азық-түлік салынған қораптарды жалғызбасты аналар мен мұқтаж отбасылардың үйлеріне дейін жеткізіп берді.  Қала бойынша 30 мұқтаж отбасының үйлерін аралап, олардың тұрмыс жағдайларымен танысып, азық-түлікпен көмек берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған