Оралда Құран жарысы өтті

Тұңғыш рет ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен  Қазақстан халқы  БҚО ассамблеясы Қазақ-Вайнах достық клубының ұйымдастыруымен Құранды жатқа оқудан мектеп оқушылар  арасында жарыс өтті.

Сайысқа облыс, қала, аудан мешіттер жанындағы сауат ашып жатқан 40 үміткер қатысты. Жарысқа қатысушылардың Құранды жатқа айтуына, оқу қырағаты, тәжуиді мен көркем оқу қабілеті бағаланды. Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов игі шара барысында елдің болашағы бүгінгі жас баланың, ертеңгі азаматтың қолында екенін тілге тиек етсе, Қазақстан халқы Ассамблеясы БҚО филиалы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов пен «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының жетекшісі Данильбек Саратов ақжарма тілегін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерін» -деген. Жарыста облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы, аталмыш мешіттің азаншысы Асхат Асылбеков, Орал қаласындағы Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы мешітінің наиб имамы Саят Қанатқалиұлы қатысып, төрелік етті.

Жарыста 1-орынға  Рафхат Қайыржан (Сырым ауданы), 2-орынға Абдрахман Батырұлы (Орал қаласы), 3- орынға Омар Махамбетұлына  (Орал қаласы),   дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды мәртебелі қонақтар табыс етті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған