Оралда Құран жарысы өтті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Орал»  орталық мешітінде ІХ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтті.

Жарыстың алғы сөзін облыстық орталық мешітінің  бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубеав бастап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа Мұратбек Мұхтарханұлы мен Ерген Қонысұлы, «Орал» медресесінің ұстазы Оразбек Жамбылұлы төрелік етті.

Алдымен қатысушыларға  Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде айтылып, жарысқа қатысушыларға  кеңінен түсіндірілді.

Құран жарысына  қатысушылар толық Құранды жатқа оқудан, Құранның 20 парасын жатқа оқудан, Құранның 10 парасын жатқа оқудан және Құранды мәнерлеп оқу  номинациялары бойынша бақ сынасты.

Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махражына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде Құранның 30  парасын жатқа оқу номинациясы  бойынша Мұқамедсали Мұқамедсахиұлы, Құранның 20  парасын жатқа оқу бойынша Нұрмұхаммед Әбдімүтәліпұлы, Құранның 10  парасын жатқа оқу бойынша Рамазан Пернебекұлы және мәнерлеп оқу бойынша Мейрамбек Ақылбекұлы жеңімпаз атанып, Нұр-Сұлтан  қаласында өтетін ІХ республикалық Құран жарысына жолдама алды.

Жарыс соңында облыстың бас имамы Мұратбек Қыстаубаев барша қатысушыларға  ынтыландыру сыйлықтары мен жүлдегерге арнайы сыйлықтар берілді.

ҚМДБ БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған