Оралда мәуліт оқылды

Бүгін Орал орталық мешітінде Адамзаттың Ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айының құрметіне орай Мәуліт оқылды.

Еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық  мешітінде онлайн режимде Мәуліт шарасы өтті.

Екі дүние сардары, адамзаттың мырзасы болып табылатын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан айдың құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада облыстық орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы қасиетті құранды  оқыса, наиб имам Мейрамбек Ақылбекұлы мәуліт оқып, бас имам Мұратбек Қыстаубаев Жаратушы Алладан еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.

Мәулітке орталық мешітінің ақсақалдары мен мешіт қызметкерлері қатысты.

Аталмыш рухани шара мешітіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі akmeshit_bko.07 парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді.

ҚМДБ-ныі БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған