Оралда екі күндік діни семинар басталды

БҚО бойынша ҚМДБ өкілдігіне қарасты мешіт имамдары мен дін саласында жұмыстанатын теолог мамандардың кәсіби деңгейлері мен біліктіліктерін арттыруға бағытталған екі күндік семинар басталды. Облыстық дін істері басқармасы мен «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастырған оқыту семинарына өкіл имам Бақытжан Құралбайұлының жолдауымен қырықтан астам имамдар мен молдалар қатысты.
Атап айтқанда, исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Нұржан Жақсылықұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD доктор, доцент қызметін атқарушы Азамат Жамашевтер шақыртылды.
Біліктілікті арттыру семинарында ашылуында БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы мен Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Арнайы келген ғалым ұстаздар Ризабек Батталұлы, Нұржан Жақсылықұлы, Азамат Жамашев имамдарға дәріс жүргізді. Екі күндік семинар барысында дін мамандары түйткілді мәселелері бойынша пікір алмасулармен өтуде.
Семинарға қатысқан мешіт имамдары осындай шаралардың берері мол екенін атап көрсетті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған