«Орал» медресе колледжінің шәкірттері емтихан тапсырды

Биыл «Орал» медресесін 8 түлек тәмамдап жатыр. Олар кеше үш жыл бойы ұстаздарынан алған білімдерін таразылап, емтихан тапсырды. Үш пәннен, атап айтқанда, араб тілі, Құран және фиқһ сабақтарынан қойылған сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді.

Емтихан комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Қожин Жаңабай Маратұлы, Ақтөбе медресе колледжінің ұстазы Нұрғалиев Бауыржан Достанұлы, Орал медресесінің директоры Мұратбек Қыстаубаев,  білім ордасының ұстазыдары Ринад Акимов, Асылбек Наурызов болды. Олар шәкірттердің берген жауабын мұқият тыңдап, тиісті бағасын берді.

Үш шәкіртіміз өте жақсыға тапсырып, үздік диплом алады.

Түлектер аудан, ауыл мешіттеріндегі діни қызметке тартылады деп жоспарлануда. Ал екі шәкірт білімін одан әрі жетілдіру үшін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға жолдануда.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған