Облыстық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Ақжайық өңірінің рухани жүрегі  «Орал» орталық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды.

Аталған жауапты қызметке Орал қалалық “Тәжіден Батырұлы” мешітінің бас имамы болып жұмыс атқарған  Мейрамбек Абдрахманов келді.

Ұлтты ұйыстырып, Алла үйіне жинаған жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев  көпшілік алдында Бас мүфтидің  бұйрығын оқып, жас, әрі білікті маманды жамағатқа таныстырды.

Жұма уағызын ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімі басшысының орынбасары,  РАНТ мүшесі Хасан  Аманқұлов жүргізіп,  Мейрамбек Ақылбекұлы жұма намазын өткізді.

Қызметке жаңа кіріскен имамға жамағат сәттілік тілеп, ақсақалдар өз баталарын берді.

Айта кету керек, Мейрамбек Ақылбекұлы «Астана» медресеінің түлегі,  жоғары діни білімді азамат. Араб тілін жетік меңгерген және Құранды толық жаттаған (қари), Бөрлі аудандық мешіті мен Тәжіден Батырұлы атындағы қалалық мешітте мол тәжірибе жинақтаған маман.

Ендеше, Мейрамбек Ақылбекұлының имандылық жолына абырой берсін!

Нұрлан САМАТҰЛЫ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған