Облыс әкімі Ғали Есқалиев құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қасиетті құрбан мерекесінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев құттықтау хатын жолдап,  Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Сабралиев қалалық мешіттердің бас имамдары Қажымұқан Ғилманов пен Руслан Сұлтановқа, Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұрат Жахатовқа табысталды.

«Құрметті имамдар! Сіздерді қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымның бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, ризық-несібесімен бөлісетін ең ұлық мереке. Тәуелсіздігіміз орныққаннан кейін Елбасымыздың қолдауымен арнайы демалыс күні беріліп, ресми түрде тойлана бастаған қасиетті мейрам дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына шапағатын тигізуде. Соның арқасында тұтас елімізде, қазыналы өлкемізде береке-бірлік артуда. Қасиетті мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын!», – делінген  құттықтауында.

Сонымен орталық мешітінің жанындағы ақсақалдар алқасының мүшелерін Орал орталық мешітінің бас  имамы Бақытжан Құралбайұлы  арнайы жинап, облыс әкімінің құттықтау хатын табыстады.

Ақсақалдар алқасының мүшесі Ғұмар Құрақов облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлына  шексіз ризашылығын айтып, қызметіне толағай табыс тіледі.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған