Оқушылармен жүздесті

М. Горький атындағы Орал қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен  №46 мектептің оқушыларымен «Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті» атты рухани шара болып өтті.

Аталмыш шараға Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының магистрі, КМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлы қатысып,  «Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті» тақырыбында рухани әңгімесін айтып, Абай атамыз «Адам бойындағы болатын жақсы қасиеттердің барлығы мұсылман дінінен алуға болады.

Ел болуға Ислам дінің керек,

Екінші ардақты Ана тілің керек,

Шындық және адал иман керек,

Мейірімділік және терең білім керек.

Еңбек керек адамды адам еткен

Еш шүбәсіз осылардың бәрі болса,

Ұрпағы – иманды ел болар едік – демекші, адамгершіліктің асыл қасиеті болған – имандылығымызды жүрегімізден өшіріп алмайық – деп оқу мен білім алуға шақырды.

Кеш  соңында  кітапханашы  Ботагөз Сейсенғалиқызы мен мектептің кітапхана меңгерушісі Жұмагүл Сарсенбайбайқызы  арнайы келген Нұрлан Саматұлына шексіз алғысын айтып, естелік суретке түсті.

М. Горький атындағы Орал қалалық кітапханасының меңгерушісі Ботагөз Шүкірова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған