Оқушылармен кездесті

Жақында  “Өркен” комьюнити орталығының ұйымдастыруымен “Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі” тақырыбында теолог маманмен кездесу өтті.

Шараға Орал орталық мешітінің найб имамы және Дін істер басқармасының  теолог маманы Убаев Наурыз Ибатұлы қатысып, оқушыларға  адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде дәріс берді.

Діни экстремизмнің алдын алу жөнінде жұмыстар, салт-дәстүрді сақтау,ұлттық құңдылықтарды насихаттау, отансүйгіштік, рухани- адамгершілік,азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыру,бірлік пен бірегейлікті тәрбиелеу мақсатында балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесуі жөніңде ақпарат берілді.

Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әр-түрлі сұрақтар қойып, өздеріне керекті мағлұмат алып, бойларына рухани әсер алды.

ҚМДБ-ның БҚО  баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған