Оқушылармен кездесті

Жақында ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері, Сырым аудандық мешітінің бас имамы Ә.Наурызбай  мен аталмыш ауданның ресурстық орталықтың теолог мамандары А.Абдубали мен “Абай” және “Сырым” мектеп-бөбекжай-балабақша кешендерінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Радикализм мен экстремизмнің құрсауына ең көп ілігетін қоғамдық топ жастар болғандықтан, жасөспірімдердің санасын улайтын жат ағымдардан сақ болуға, діни ілімді тек арнайы мамандардан алуға шақырылды.

Оқушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ақпараттық кітапшалар таратылды.

Кездесулер ауылдық жерінде өз жалғасын табуда.

Сырым аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған