Өнерлі азаматтардың қамқорлығы

ҚМДБ-ның БҚО  бойынша өкілдігіне қарасты зекет қорының ұйымдастыруымен, Ақжайық өңірінің асабалары мен өнер жұлдыздарының  қолдауымен  Орал орталық мешітінде он сегіз отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көмек берілді.

Іс-шараға  Орал орталық мешітінің найб имамы, зекет қорының көмекшісі Самат Алибаев және мешіт қызметкерлері, өнер саласының иманды  азаматтары қатысты.

Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған өнерлі  азаматтарға да алғыстарын айтып,  көңілді күймен тарқасты. Өнер саласында жүрген Мейірбек Каберовтің игілікті шарасы, көпшілікке үлгі болып, Алла Тағала жар болып, екі дүниенің бақыты мен сауабын нәсіп етсін!

Қайырымдылық көмек ауылдық жерде тұратын мұқтаж жандарға дейін жеткізілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған