«Намаз, ораза – қарекет, Жұмақ – марапат!»

Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтау мен мадақ Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Бүгінгі уағыз – насихат исламның 5 тірегінің бірі және бірегейлері – намаз және ораза жөнінде болмақ.
Адамзат баласына намазды әмір еткен ұлы Раббымыз екені ақиқат. Ал, бұл құлшылықтың маңыздылығын ең алдымен оның сөзі Құраннан үйрене аламыз. Бұл жайында көптеген аяттар бар. Құранда осыншалықтык өп әміретіліп, маңыздылығын ат оқталған ешқандай ғибадат түрі жоқ. Яғни, намаз бен тең келер құлшылықтың түрін таба алмаймыз. Алла Тағаланың бізге сұратпай берген сансыз нығметтерінің қайтарымы есебінде пенде намаз оқу арқылы ғана шынайы шүкір ете алады. Өйткені, үздіксіз, тоқтаусыз берілетін сол нығметтің есебін санап тауыса алмайтынымыз анық. Мұқтаждықтарымыздың қажеттілігін өтеп, өміріздің соңына дейін түрлі несібесімен тәнімізді қуаттаған Алла Тағалаға күнделікті бес уақыт намаз оқу арқылы ризашылығымыз бен шүкіршілігімізді білдіру қандай бақыт десеңізші?! Раббымыз бізге сондай мол несібе мен нығметтерді күн сайын беру үстінде. Ал, біз оның маңыздылығына терең бойлап, хақиқи сырына барып жатқанымыз жоқ-ау.
Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзгеде қайырлық адамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Намаз өміріңнің ағымын өзгертіп, өмірсалтыңдыдұрыстайды. Құран аяттары бұл туралы былай дейді: «Намаз қы. Анығында намаз – жеккөрінішті (бұзық) істерден және жамандықтан тыяды» («Анкабут» сүресі, 45-аят).
Иә, адамбаласы аса ұлы Алланы ықылас пен ескеалып, намазын берілген түрде ұдайы және өз уақытында мұқият орындаса, онда жүрек тазарып, иман күшейеді әрі адам күнәлардан алыс болады. АдамнамаздаасаұлыАлланыжанымен, тіліменжәнеденесіменескеалады, албұл – өтеұлыескеалу.
Исламғұламалары: «Намаздың тән және жан саулығына таңғаларлықтай әсері бар, сондай-ақ, күш-қуатты сақтап, зиянды әсерлерден сақтайды. Ауру немесе қиын проблемаларға тап болған екі адамды салыстырып қарайтын болсаңыз, намаз оқып жүрген адамның ауыртпалығы әрдайым төмен болады.
«Намаз оқушының соңғы нәтижесі міндетті түрде жақсы болмақ» деген. Бұхари мен Муслим келтіретін хадисте: «Ұйқы алдында шайтан әрбіріңіздің желкеңізге үш түйін түйедіде: «Сенің алдыңда ұзақ түн, осылай ұйықтай бер» дейді. Егер адам оянып, Алланы есіне алса, бірінші түйін шешіледі, дәрет алғанда екінші түйін шешіледі, намаз оқи бастағанда үшінші түйін шешіледі және адам күнді сергек қарсы алады. Егер мұны жасамайтын болса, күнді нашар көңілкүймен және жалқаулықпен қарсы алады» деген.
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. ҚұдсихадистеАллаТағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін…» деп оразаның қадірі мен қасиетін баяндаған.
Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Қазақ дәстүрлі қоғамында ораза ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай оразаның мұстахабын (орындаса сауап, орындамаса күнәсі жоқ) орындау үшін “таң сәресін” шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кіргізеді. Рамазан айында өзара “ауызашарға” шақырысу дәстүрге айналған. Хадистерде ораза кезінде мұсылманның өзін-өзі тәрбиелеп, мінез-құлқын қалыптастыруының негізгі шарттары белгіленген. Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да оразаның сауабын арттыратын амалдар. Әне – міне дегенше оразаның соңғы онкүндігіне де ендік. Уақытымыз қалай өтіп жатыр? Ұйықтаумен, телефон шұқумен, кино қараумен, қала берді ауызашарға барып, түнді бос әңгімемен өткен уақыттың сауабы бар деп ойлайсыз ба?
Рамазанның соңғы күндері – қимастық сезімі артатын кездер. Бұл сезімді тек шынайы тақуа адамдар сезінеді. Сондықтан, «Тамақ ішпейтін 30 күн бітті – ау» деп қуанбай, бәлкім, берекелі 30 күннің біткенін қимай, Оразаға деген сағынышты қайта тұтататын кезең шығар бұл?
Мамырдың 19 – нан 20 – сына қараған түні – Қадыр түні. «Қадыр түні ұйықтамау керек!»«Бұл түні үйге біреу келеді!» деген сана-сенім әлі өшпегендей көрінеді. Ақиқатында олай емес. Бәлкім, осы түн 1000 түндерден қайырлы. Иә, Қадыр түнінде ұйықтамау керек. Ұйықтамау құлшылық қылу керек! Бұл түн құлшылықпен зікірмен өтуі тиіс. Ең бір асыл арманыңызды, тәтті тілегіңізді осы түні сұрап көріңіз Алладан! Мүмкін, қабыл болар!
Өкінішке орай карантин кезінде бұл ғибадаттарды мешітімізде өтей алмаймыз. Барлық мұсылман бауырларымызды сабырлыққа шақыра отырып түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Алла баршамыздың ұстап жатқан оразаларымызды қабыл еткей! Намаз, ораза, садақа – біздің Алланың разылығын алу жолы ниетімен жасаған қарекет – амалдарымыз. Алла қалап, осы амалдардың марапаты – жұмақ болсын!

Сырым аудандық мешітінің бас имамы,
Әділхан Наурызбай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған