Найб имам оқушылармен кездесті

Діни сауаттылық және діни экстремизмнің алдын алу іс-шараларының аясында Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы Убаев Наурыз Ибатұлымен 41 ЖОББМ-де кездесу өтті. Кездесуге 9-сынып оқушылары қамтылды.

Мақсаты: Оқушылардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын жан-жақты түсіндіру. Сонымен қатар жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу. Наурыз Ибатұлы оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде дәріс оқыды. Балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берді. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламдық торға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті.
Шара соңында дінтану пәні мұғалімі Райгул Талғатқызы мен мектеп әкімшілігі атынан қонаққа рахмет айтылып, кездесу мазмұнды аяқталды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған