Наиб имамдар студенттермен кездесті

Жақында  Орал орталық мешітінің наиб имамдары Ерденбек Ихсанов пен Наурыз Убаев  Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесті.

Бұл басқосуда наиб имамдар жоғары оқу орынында білім алып жатқан жастарға қазіргі таңдағы діни ахуал жайында кеңінен түсінік берді. Сонымен қатар олардың дәстүрлі дініміз Исламға аса құрметпен қарап, адам баласын жақсылыққа жетелемейтін теріс ағымдардан аулақ жүруге шақырды.

Осы жүздесуде студенттердің мешіт жанындағы сауат ашу курстарына қатысып, өздерінің дін мен дәстүріміз жайлы мол мағлұмат алуға болатындығы жайында жан-жақты баяндады.

Бұл қызықты кездесуде наиб имамдар жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған