Наиб имам Оралда

Мәуліт мерекесіне орай Ақтөбе қалалық мешітінің наиб имамы Алтынбек Құсайынов Орал қаласындағы  Тәжіден Батырұлы атындағы мешітіне арнайы  келіп  жиналған жамағатқа “Ауызбіршілік” турасында айтып, «Алла бүлік шығарушыларды сүймейді» -деген аятты келтіре отырып, мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екендігін ескеретін болсақ, мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамның айтқанын тыңдамай қарсы келу аяттың шеңберіне кіретіндігін ұмытпағанымыз жөн. Себебі, аят қоғам ішіндегі өзге дүниелеріне емес, мұсылманға бүлік шығармауды бұйырып тұр.  – деді Алтынбек имам.

Мешіт жамағатына ынтымақ-бірлік тілеп, еліміз аман, тәуелсіздігіміз ақырзаманға шейін жалғасып, аман-есен болайық, бауырларым!

Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған