Мешіт жамағаты арасында турнир оздырылды

2020 жылдың 4 қаңтар күні “Ақсай” спорт кешенінде Ақсай мешіті жамағаты арасында пауэрлифтингтен және қайталап сығымдаудан аудандық турнир өткізілді.

Аталмыш додаға 24 спортшы қатысты. Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Ақсай” мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен  және Бөрлі аудандық мешіті тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған