Мешіт тірегі – жамағат

Бөрлі ауданы мұсылмандар мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мешіт тірегі – жамағат» атты білім сайысы ұйымдастырылды.

Мешіттің тірегі де, оның көркін келтіріп көркемдейтін де жамағаты екені баршаға мәлім. Діни білімінің таяздылығынан тағдыр жолдарын басқа арнаға бұрып алып жүргендер біздің қоғамда аз емес. Бұл кесел еліміздің дамуы мен салт-дәстүрлеріміздің сақталуына үлкен кесірін тигізуде. Сол себепті жамағаттың білімді, білікті болғаны абзалырақ. Осыған орай сайыс жамағат арасында білімге деген құштарлықты оятып, ауызбіршілік пен сауаттылықтың қашанда біріші орында екенін түсіндіру мақсатын көздеді. Білім сайысына жамағаттан біраз адам ат салысты. Өз білімін көп алдына шығып дәлелдеуге тырысқан, сайысқа қатысып белсенділік танытқан барлық қатысушылар назардан тыс қалмады. Барша қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылып, білімділігін дәлелдеп оза шапқандарға бағалы сыйлықтар да ұсынылды.

  Бөрлі ауданы мұсылмандар мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған