МЕШІТ АЛДЫНАН АВТОТҰРАҚ АШЫЛДЫ

Жалпақтал ауылында Д.Нұрпейісова мен М.Маметова атындағы  көшеге қатқыл табанды аутожол төселіп бола келе «Темірді қызған кезінде соқ» дегендей осы қос көшенің қиылысында орын тепкен Алла Тағаланың ғибадат үйіне алыс-жақын мекендерден ат шалдырып, Аллаға құлшылық жасап, ғибадат етушілер мен өлі-тірісіне Құран бағыштауға аутокөліктерімен келетін пәтуәлі жандардың аутокөліктерін қоятын Алла үйінің қас бетіндегі кең алаңқайға Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепберген қажы Нұралиевтің орайлы ұсынысымен аутотұрақтық орынға да қатқыл табанды жол төселіп, Алла үйінің көше жақ қасбеті өзгеше кейіпке еніп, өңі кіріп қалды.
Алла ғибадатханасы жанындағы аутотұрақтың ашылу салтанатына Сана Маркет ЖШС–нің директоры  Жаталап Хабиев, ҚМДБ Батыс Қазақстан облысындағы өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев  қатысты.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл көшелеріне қатқыл табанды аутожолдар төсеп жатырған «Айдана» ЖШС-гі құрылысшыларына ортақ мүддеге үлес қосқандықтары үшін ҚМДБ Батыс Қазақстан облысындағы өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев  ризашылығын жеткізіп, еңбектеріне толағай табыс тілесе, Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепберген қажы Нұралиев ауа-райының ашық сәтін пайдаланып, Алла үйінің алдын ажарландыруда өнікті де, сауапты іс тындырған құрылысшыларға елдің атынан Алла разы болсын! деген тілегін жеткізді.                         

 Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған