Мерейдегі игі іс

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай отыз игі іс-шара аясында Мерей ауылдық  мешітінің ұйымдастыруымен жаяу жүргінші көпірінің ашылу салтанаты өтті.

Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас  имамы Мұратбек Қыстаубаев, облыс бойынша имамдардың кураторы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев, Орал  орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абрахманов, Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Айдын Ибрашев және ауыл тұрғындары қатысты.

Осындай сауапты істердің жүзеге асуына ауыл имамы мен кәсіпкерлерлердің атсалысқандығын атап өткеніміз жөн. Шара барысында сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтса, аудан имамы Айдын Ибрашев игі шараға қаржылай көмек көрсеткен қайырымды кәсіпкер азаматтарға алғысын айтып, барша жиналған қауымды атаулы күнмен құттықтады.Жақсылық жасап жарысайық, игі істер көп болғай!

Игі шарадан кейін бас имам Мұратбек Қыстаубаев аудан мешіті мен Мерей ауылдық мешіттерін аралап, атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Тасқала аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған