Менің Абайым

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаевтың бастамасымен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  қазақ халқының ұлы ойшылы, философ, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Менің Абайым!» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Барлық қатысушылар саны 244.

Абай қазақ үшін бір ғана әдебиеттің ауқымына сыймайды. Ол – күнделікті тіршілігімізді, қарақанбасты алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі бүкіл рухани әлемімізді қамтитын жан-жақты құбылыс.

Мақсаты – Ұлы ақынның әрбір қара сөзінен, өлең жырларынан және оның асыл қасиеттерінен үлгі алу ұлы ақынды құрметтеу, шығармаларын терең насихаттау, жас ұрпақты рухани бай болуға, ұлттық рухын жігерлендіруге және саналы ойлауға тәрбиелеу. Көркем шығарманы мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту, шыңдау.

Ұлы ақынға арналған мәнерлеп оқу байқауының үміткерлерінің өнерлерін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары  М.Өтемісұлы атындағы   БҚМУ аға оқытушысы, РҺD философия докторы Айдарбек Ақболатов, Құрманғазы атындағы саз колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы Ақмарал Оразқызы, Орал гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы Әлия Мәлікқызы, ҚМДМ-ның БҚО бойынша жастар ісі секторының жетекшісі Бейімбет Дүйсенәлі   бағалады.

Әділқазылардың шешімімен финалдық кезеңге өткен жүлдегерлер «Бас жүлделер», М.Шулумов (Теректі ауданы, 10 сынып) және А.Нарегеев (№47 мектеп, 10 сынып)  иеленді. І жүлделі орындарды №1 ЖОББМ оқушысы (8 сынып) Н.Нұрланұлы және көру қабілеті бұзылған мектеп-интернат оқушысы Ж.Турашев (10 сынып) бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша ІІ -дәрежелі дипломдарға Казталов ауданының (8 сынып) Н.Аманғалиева, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының М.Ізмұхан (8 сынып)  оқушыларына, ал ІІІ орындарды Ф.Басарова, (Подхоз Н.М-8 сынып), Г.Шибинтаева (№44-мектеп-гимназия), С.Темірхан (№48,7-сынып), Ә.Хайреденов (Казталов ауданы-8 сынып) бұйырды. Номинациялық дипломдарға орыс тілді мектептерден №6 – Ә.Азаматов, №9 – М.Горбанева, №10-А.Солдаткина, №7. – Е.Ким, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей оқушысы А.Серикова және т.б марапатталды.

Мәнерлеп оқу байқауына облыстық, қалалық мешіттер қолдау көрсетіп,жүлделі орындарға демеушілік жасады. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен тығыз байланысып, діни, әдеби шараларды көптеп ұйымдастырып келеді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасө қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған