МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

Биыл «Орал» медресесін 12 түлек тәмамдап жатыр. Олар кеше үш жыл бойына ұстаздарынан алған білімдерін таразылап, емтихан тапсырды. Үш пәннен, атап айтқанда, араб тілі, Құран және фиқһ сабақтарынан қойылған сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді.

Емтихан комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің  меңгерушісі Марат Жаппасбаев, Ақтөбе  медресе колледжінің директорының орынбасары Торбаев Жексенбай. Орал медресесінің  директоры Еркебұлан Қарақұлов, Ринад Акимов болды. Олар шәкірттердің әр берген жауабын мұқият тыңдап, тиісті бағасын берді.

Түлектер аудан, ауыл мешіттерінде діни қызметке тартылады деп жоспарлануда. Ал екі шәкірт білімін одан әрі жетілдіру үшін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға жолдануда.

Орал медресесінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған