Медресе директоры ұстаздарды құттықтады

ҚМДБ-на қарасты Орал медресесінің директоры Мұратбек қажы Қыстаубаев  ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтады.

– Мұғалімдер күні – ең ұлы мерекелердің бірі. Кіші қызметкерден бастап, елбасына дейін ұстаздан білім алды. Сіздер рухани білім ордасында шәкірттерге білім беріп, саналы ұрпақтарды тәрбилеп жатырсыздар. Бүгінгі шәкірт, ертеңгі күні білікті маман. Сол мамандарр елге, дінге қызмет етеді. Өйткені, әрбір жердің мәдениеті – білімді азаматтардың қолында,-деп ақтілегін айтып, айтулы мерекемен құттықтап, ұстаздар қауымына бағалы сыйлықтарды сыйлап, алғысхаттармен марапатталды.

– Бүгін біз үшін үлкен мереке. Ұстаздар қауымына көрсетіліп жатқан құрмет қуантады. Әр ұстаздың бойында шығармашылық ізденіс, шәкіртке деген ілтипат болса, адал еңбек деген – осы. Шәкірттерге үйретуден жалықпайтын ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймын,-деді  Орал медресесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Рахманов.

Шара соңында естелік суретке түсіп, қуанышты көңіл-күймен тарасты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған