Ұлық айдың жасалған шара

Қасиетті Рамазан айын және ұлық айы бойы өткізілген онлайн сабағымызды қорытылындау мақсатында Бөрлі аудандық мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, мешіт жамағаты және Ақсай қаласы тұрғындары арасында онлайн білім сайысы өткізіліп, нәтижесі қорытындыланған болатын.
Сайыс нәтижесі бойынша:
Бас жүлдені Сәуле Сәндібекқызы жеңсе, бірінші орынды Мөлдір Бақтығалиқызы мен Бауыржан Жасталапұлы алды. Ал, екінші орынды Бекет, Хамзин Айбол, Анвар Өмірғалиев, үшінші орынды Мейрамбек Әбдірашев Маржан Айдарқызы, Асылзат Абатова, Данияр Амангелдіұлы өзара бөлісті
Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған