Өкіл имам

Еркебұлан Ыбырайымұлы Қарақұлов 1980 жылы дүниеге келген.

1998 жылы Мысыр еліндегі «Әл-Азхар» университеті, теология негіздері факультетін (тәпсір бөлімі), 2008 жылы «Әл-Фараби» атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің дінтану мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Қызмет жолын 2005 – 2009 жылдар аралығында Алматы қаласындағы орталық мешіттің ұстазы болып бастады. 2009 – 2011 жылдар аралығында ҚМДБ діни сараптау және талдау бөлімінің және ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі; 2011 – 2013 жылдар аралығында ҚМДБ Атырау облысы орталық мешітінің наиб имамы; 2013 – 2014 жылдар аралығында ҚМДБ-ның ОҚО, Шымкент қалалық «Қаттани» мешітінің бас имамы; 2014 жылдан осы уақытқа дейін ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың 23 ақпанынан бастап ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, БҚО орталық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

«Құран оқып үйренейік», «Намаз оқып үйренейік», «Ислам ғылымхалы» кітаптарының авторы.

Үйленген, бір баласы бар.