Өкіл имам Тайпақ ауылында болды

ҚМДБ-ның  БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов өзінің кезекті сапарын Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық мешітінің жамағаттарымен  кездесіп, қазіргі таңда болып жатқан діни ахуалды халыққа түсіндіріп, ауыл мешіттерінің тыныс- тіршілігімен танысып қайтуды жоспарлап жұма күні  іс-сапармен Тайпақ ауылдық мешітке ат басын тіреді.

Ауылдық мешітінің бас имамы Қанат Абдрахманов пен ауыл әкімі Болат Байғалиұлы қадірлі қонақты күтіп алып, ауылдағы діни ахуалы мен  халықтың тыныс тіршілігі жайын баян етті.

Еркебұлан Ыбырайымұлы жұма намазына жиналған жамағатқа «Бала тәрбиесі-отбасынан басталады» жайында уағыз айтып, көпшілікті жұма күнімен құттықтап, мінбарға көтеріліп, жұма намазын өткізді.

Жұмадан кейін Еркебұлан Қарақұлов ауылдық мәдениет үйіне  жиналған халықпен жүздесіп, «Ынтымақ-бірлік» жайын уағыз айтып, сауалдарына жауап берді.

Айтулы шараға облыстық дін істері басқарма басшысының бас маманы. теолог Азат Қаратай, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілекқабыл Александрұлы, Тайпақ ауылының әкімі  Болат Байғалиұлы қатысты.

Разы болған көпшілік, Еркебұлан қажыға батасын беріп, көңілдерінде дінге деген бір серпіліс болғанын аңғартты.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған