Өкіл имам БАҚ өкілдеріне сұқбат берді

Кеше республикалық «ТДК-42» теле-арнасына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев «Ысырап» жайында сұқбат берді.

 Мұратбек қажы Мұхтарханұлы «Ысырап» жайында  кеңінен тоқталып, жақында «Достық үйінде» аталмыш тақырып жайында дөңгелек үстел болғандығын айтып, зиялы қауым мен ақсақалдар қатысып, имамдар мен молдаларға ел-ішінде насихаттап, ысырапшылдыққа жол бермеуге шақырды.

  Аталған рәсімдерді ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XV отырысында қабылданған «Жаназа һәм жерлеу рәсімдері» пәтуасының аясында жүзеге асыру және осы ретте ҚМДБ бұйрығымен бекітілген арнайы дін мамандарының қызметіне жүгіну  мәселелері сөз болды.

Ақжайық өңірі бойынша  ортақ құдайы ас (садақа) мәзірі бекітілді. Соған сәйкес садақа дастарханына бауырсақ, жеті нан, тары, талқан (жарма), қаймақ, сары май сынды ұлттық тағамдарымызды және одан бөлек нан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, шай, су және ыссы тамақ есебінде ет (күріш) қою ұсынылды.

Орал орталық мешітінің бас имамы  журналистерге екі тілде жауап берді.

Нұрлан  Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған