Казталов аудандағы мәуліт мерекесі

Жақында Казталов аудандық мешітінің бастамасымен, аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Мұхаммед Пайғамбардың туған күні, яғни Мәуліт мерекесі атап өтілді.

Кеш барысында Пайғамбарымыздың өмірбаяны таныстырылып, слайд көрсетілді. Тағылымы мол кеште сөз алған Казталов аудандық орталық мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов Ардақты пайғамбарымыз жайында уағыз айтып, көпшілік көңілінен шыға білді. Одан кейін Қазталов ауылдық округі әкімі Жүсіп Шакуов жиналғандарды Мәуліт айымен құттықтап, мұндай шаралардың ел бірлігін нығайтуда маңызы зор екендігін атап көрсетті. Рухани кеште діни сауалдар қойылып, жауап бергендерге сыйлықтар берілді.  Құран оқылып, салауаттар айтылып, сахналық қойылымдар қойылып, иләһи әндер айтылып, кештің мәнін аша түсті.

Шара соңында ауылдың ақсақалы  Тұрақбай  Дүйсенов жиналған қауымға ақбатасын беріп, мәулеттен-мәулітке аман-есен жетейік,-дұға жасады.

                                       Казталов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған