Иман – жан байлығына кепіл, спорт – тән саулығына кепіл

Мәуліт меркесіне орай  Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев пен  аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог-маманы С.Тасмұхановтың ұйымдастыруымен аудан жамағаттары арасында «Иман – жан байлығына кепіл, спорт – тән саулығына кепіл» атты отбасылық эстафета оздырылды.

Исламға спорттың қашық еместігін және отбасы арасында береке, бірлік, ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа аудан бойынша 8 отбасы қатысты.

Жарыс барысында алғы сөз алған “Nur Otan” партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев және аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

6 кезең бойынша 8 отбасы арасынан

– Ахмулдиндер отбасы;

– Жұмаевтар отбасы;

– Ғұмаровтар отбасы ие болса, қалған 5 отбасы әртүрлі аталымдар мен шағын сыйлықтарды иемденді.

Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған