Имамдардың жарты жылдық есебі тыңдалды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде қала және аудан имамдары, жарты жылдық және өткен қасиетті Рамазан айындағы атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру жиналысы өтті.

Алдымен өңіріміздің Бас имамы Еркебұлан Қарақұлов имамдарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта кейбір кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, атқарған істеріне жеке баға берілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалұлы хазретіміздің тікелей тапсырмасы бойынша қалалық, аудандық, ауылдық жерлерде уағыз-насихат жұмыстарын жандандырып, жат ағымдардың алдын алуды, тұрмысы төмен отбасылары мен мектеп жасындағы балаларына жаңа оқу жылына қарсы демеушілер арқылы қайырымдылық іс-шаралар өткізуді тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Әсіресе жазғы сауат ашу курсы жандандыру жұмыстары назарға алынып, имамдарға берекелі еңбек болып, әр ісі сауаптан жазылғай!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған