Имамдар алғыс хаттармен марапатталды

Жақында Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы облыс, қала, ауыл мешіттерінің  имамдарын жинап, құрмет көрсетті.

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай, әрі ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігі биылғы жылды қорытындылай келе бас имам Бақытжан Құралбайұлы халыққа рухани қолдау мен көмектерін аямай еңбек етіп жүрген олыстағы барлық имамдарға алғысын білдіріп, салтанатты түрде барлығына марапаттаулар ұсынды. “Сіздің асыл дініміздің өсіп-өркендеуіне, тәуелсіз еліміздің 30 жылдық мерейлі белесінде жеткен әрбір жетістігіне қосқан үлесіңіз мол. Рухани құндылықтарымызды насихаттау жолындағы белсенді қызметіңіз бен ыждаһатты еңбегіңіз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін! Алла разы болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ізгі ісіңізге береке тілеймін!” делінген мәтіндегі Алғыс хат үздік имам, үздік наиб имам, үздік ұстаз, үздік азаншы деген атаулармен табысталды.

Шара соңында Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаев пен Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің наиб имамы Махамбет Мұқанғалиев сөз алып, Бақытжан Құралбайұлына шексіз алғысын айтып, имандылық жолындағы еңбектерінің берекелі болуын тіледі.

Марапаттарыңыз құтты болсын, имамдар!

ҚМДБ-ның БҚО БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған