ИМАМДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздігіміздің  30- жылдығы  қарсаңында Жалпақтал   мешітінің  бас  имамы, дінтанушы  Тілек қажы  Ахмеджанұлы кезінде Жалпақтал  ауданындағы мешіттерде дін саласында қызмет істеген 6 – имам молдаларға  алғыс хат, заттай және ақшалай сыйлық табыстап, ынталы еңбектеріне    алғысын білдірді.  Еліміз  Тәуелсіздік  алған  жылдары еліміздің  барлық  жерлерінде  мешіттер  салынып,  ашыла бастады. 1885 жылы салынған  «Қожантай» қажы мешіті Жалпақтал аудандық әкімшілігігің 1993 жылғы 27-ші наурыз күнгі №99 қаулысымен, Жалпақтал аудандық мұсылмандар мешіті болып қайта құрылып, халыққа берілді.  Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татитын 30- жылдық  белесінде осы  имам молдалар қиын қыстау кезінде көптеген жыл еңбекақы алмай Алла ризашылығы үшін  абыроймен қызмет  атқарды. Сондай-ақ еңбегі еленіп, лайықты құрметке бөленген, ел тәуелсіздігін алған жылдардан бастап қызмет етіп келе жатқан ардагер имам  Камалов Бауыржан  Қанатұлы арнайы алғысқа бөленді. Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы  Тілек қажы  Ахмеджанұлы  Тәуелсіздігіміздің алғашқы  жылдары мешіттерде  істеген діни қызметкерлерге дастархан  жайып,  дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына  табыс тіледі.
ЖАЛПАҚТАЛ  МЕШІТІНІҢ  БАСПАСӨЗ  ҚЫЗМЕТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған