Имамға құрмет көрсетілді

Жаңақала аудандық мешітінде үш жылдан астам Бас имам қызметін атқарған Ерік Сұлтанов Қонақбайұлына құрмет-қошемет көрсетілді. ҚМДБ-ның төрағасы Назрызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған Ерік Сұлтанов Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Нұр мешітіне бас имам етіп Жаңақала халқы өткен Жұма күнінде шығарып салды.
Аудан әкімі Наурызбай Қадырболатұлы Ерік Қонақбайұлын жеке қабылдап, атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, қазақи салт дәстүрге сай Бас имамның иығына шапан жапты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Ақан Болатұлы Ерік Сұлтановты «Алғыс» хатпен марапаттап, алдағы имандылық қызметіне береке тіледі. Мешіт ақсақалдары баталарын берді. Ерік Қонақбайұлы өз тарапынан Жаңақала жамағатына ризашылығын білдірді.
Ерік Сұлтанов Ақтөбе өңірінің тумасы, отбасылы, екі қыздың әкесі, Нұр-Мүбәрәк университетінің 2016 жылдың түлегі, дінтану ғылымдарының магистрі.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған