«Ихсан-рухани тәрбие негізі» кітабының таныстырылымы өтті

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасында ҚМДБ-ныі төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан  “Ихсан-рухани тәрбие негізі” кітабының таныстырылымы өтті.
Рухани шараға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетнің ғалым ұстаздары Зейнолла Мутиев пен Абат Қыдыршаев, зиялы қауым өкілдері және Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайлы мен наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, аудан имамдары «zoom» желісі арқылы қатысты.
“Ихсан-рухани тәрбие негізі” кітабында “Жаратушы Аллаға ихсан”, “Тұлғалық ихсан”, “Ихсан және қоғам”,  сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының  ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.
Аталмыш шара ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлының дұға жасауымен басталды. Бас имам кітап жөнінде айтып өтіп, жиынға қатысушыларға  ізгі тілегі мен  алғысын білдірді.
Шара барысында құрметті қонақтар құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіздерін білдіріп, кітап туралы  ойларын айтты.
Шараны “Түлбаев Мұхаммед-Ғариф” мешітінің наиб имамы, облыстық ихсан бөлімінің жетекші маманы Серік Қайратұлы жүргізді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған