Еріктілер жақсылықты еселеуде!

Бөрлі ауданының еріктілері яғни «Адам бол» қоғамдық қоры, «Парасат» қоғамдық бірлестігі, Ақсай қаласы мешіті , Берекелі жамағат қоры, «Volunteers aksay» штабы бірігіп көмекке мұқтаж 45 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Бір отбасыға ұсынылатын қоржында күнделікті тұтынатын азық-түлік заттыры мен тәттілер бар.

-Пандемия кезеңде де біздер жақсылық жасау үзбеуге барынша күш салып келеміз. Әрине көп мекемелерде жұмыс тоқтап, қаржылық жетіспеушіліктер орын алып жатқандығы рас-ақ. Алайда соған қарамастан еріктілердің есеп шоттарына қайырымдылық мақсатындағы қаражаттар түсіп жатыр. Бұл халқымыздың, аудан тұрғындарының  жақсылыққа қашан да дайын екендігін аңғартса керек. Осы жолы мұқтаж 45 отбасына азық-түлік қоржының ұсындық. Алдағы уақытта бұл істер жалғасын табатын болады. Қолдау білдірген барша жандарға мың алғыс,-дейді Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.

 Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған