Діни бірлестіктердің басшылары бас қосты

Бүгін облыстық діни істері басқармасының бастамасымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің қолдауымен Орал орталық мешітінде  діни бірлестіктер басшыларының клуб отырысы болып өтті.

Отырыстың мақсаты: конфессияаралық байланысты нығайтып, өңіріміздегі дін өкілдерінің бірі-бірімен жақын танысуына мүмкіндік беру.

Алдымен облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов сөз алып, дін басшыларын таныстырып, клуб отырысына  сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша  бас имам Бақытжан Құралбайұлы «Ислам діні» жайында ғиратты  уағыз айтып, бірлесе еңбек етуге шақырса, Орал орталық мешітінің наиб имамы  Мейрамбек Абдрахманов слайд арқылы  асыл дініміз бен мешіттің тарихын кеңінен баяндап,  толық ақпараттармен жеткізді.

Одан кейін діни бірлестіктің басшылары сөз алып, бүгінгі  отырыстың маңыздығына тоқталып,  өзара пікір алмасып, сауалдар қойып, бір серпіліп қалғандарын жеткізді.

Шара соңында естелік суретке түсіп, дастарханнан дәм татып, жақсы көңіл-күймен тарасты.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған